Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!
Ринат Әбу Мухаммад:
“Жандарыңды Аллаһқа сатыңдар!”
Егер ізгі болғың келсе, сен өз жаныңды Аллаһқа сатуың керек. Аллаһ Тағала бізді осыған шақырып былай дейді:
«Расында, Аллаһ мүміндердің жандарын, малдарын Жәннатпен айырбастап сатып алды» (Тәубе сүресі, 111-аят).
Яғни Жәннатты қаласаң, жаныңды Жәннатпен айырбаста.
Сәләфтар Аллаһқа жанды қалай сату керек екенін былайша түсіндірген: Егер сенің бір қойың бар болса, оны сатып жіберсең, сол үшін сатып алушыдан ақшасын алсаң, содан соң сатып алушы әлгі қойды сойып тастағанын көрсең, сен сатып алушыға қарсы бір нәрсе деп айтасың ба? Әрине, сен оған еш нәрсе дей алмайсың, қой сенікі емес, қойды сатып жібергенсің. Ол кісі қаласа – сойып тастайды, қаласа – өзі жеп қояды, қаласа – басқаларға таратып жібереді. Бұл қой сенің қойың емес, қойда еш шаруаң болмайды, дұрыс па? Міне, дәл сол сияқты, егер Жәннатқа кіруді қаласаң, жаныңда Аллаһқа сат! Кейін Аллаһ Тағала сенің жаныңа не істесе де, сенің онда еш шаруаң болмайды. Хақ Тағала саған ауру жіберді ме, ендеше мұңайма, күрсінбе, қайғырма, наразы болма, бітті, сен оны сатып жібердің, бұл жүрек – сенің жүрегің емес. Қойды сатып жібергеннен соң, ол қойда шаруаң болмасын, жаның да дәл сол секілді. Міне осы – пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге айт деп бұйырған сөздері: «Расында, біз Аллаһқа тәнбіз, ақиқатында, біз Оған қайтарыламыз (Иннә ли-Лләhи уә иннә иләйhи раджи’ун)» Муслим 918. Біз бұл сөздерді жаманшылыққа жолыққанда айтамыз.
«Расында, біз Аллаһқа тәнбіз» – яғни біз Аллаһтікіміз. Не үшін бұлай деп айтамыз? Себебі, біз жанымызды Аллаһқа сатқанбыз. Бітті, ол Аллаһтікі.
Біз осы сөздерді көп айтқанымызбен, оның мағынасын түсінбей жүрміз, уайымдаймыз, қайғырамыз, Аллаһтың белгілеген тағдырына наразы боламыз. Аллаһ Тағала сынайды, ал сен наразылық білдіресің, демек сен Аллаһқа Жәннат үшін жаныңды сатпағаның.
«Расында, Аллаһ мүміндердің жандарын, малдарын Жәннатпен айырбастап сатып алды» (Тәубе сүресі, 111-аят).
Осы жердегі «мүміндер» деген кімдер? Әрине, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары. Сахабалар да біз сияқты адам болған. Олардың да екі қолы болған, бес қол емес, олардың да екі аяғы болған, он аяқ емес, бір бас, бір мұрын, бір ауыз, бір тіл, екі көз, екі құлағы болған. Олар бізден не айырмашылығы бар? Неге олар сондай биік дәрежелерге жетті? Біз неге олар сияқты бола алмаймыз? Өйткені, олар Аллаһқа жандарын сатып, Жәннатпен айырбастап алған. Олар Аллаһтың айтқанына жүз пайыз сенетін болған. Ал біз «жанымды сатсам ба екен, сатпасам ба екен» деп күдіктенеміз. «Мүмкін Аллаһқа жанымызды жайлап бөліп төлерміз» деп ойлаймыз. Міне, біздің болып болғанымыз осы. Жоқ, сен егер Жәннатты қаласаң – жаныңды Аллаһқа сатып жібер, бітті. Содан кейін, қара, бауырым, егер жаныңа әлдеқалай бір оқиға бола қалса, оған назар аударма, себебі ол сенікі емес.
Сондықтан ғалымдар былай деген: «Адамдармен жансыз бол, ал Жаратушымен адамдарсыз бол!» Яғни, «адамдармен жансыз бол» - өйткені, сен ол жанды Аллаһ Тағалаға сатып жібергенсің. Кейін адамдар сені теріске шығарса, оған түкіргенің бар, адамдар саған тіл тигізіп жатырса, оған да түкіргенің бар, олар сені ұрып, соққыға жығып жатыр, бұған да түкіргенің бар, олар сені тіпті өлтіріп тастаса да, оған да түкіргенің бар, өйткені, сенің жаның жоқ, сен оны Жаратушы Аллаһқа сатып жібергенсің. Немесе, адамдар сені мақтап жатырса, оған түкіргенің бар, сен бір игі амал жасадың, адамдар кейін: «маша Аллаһ, керемет» деп таңырқап жатырса, оған да түкіргенің бар, сенің онда шаруаң болмасын, сен жаныңды Аллаһқа сатып жібергенсің. Міне, сондықтан «Адамдармен жансыз бол, ал Жаратушымен адамдарсыз бол!» делінген, сенің бүкіл амалдарың жүз пайыз дұрыс болсын. Біліп алыңдар, адам бір істі 99.9% Аллаһқа үшін істеп, қалған 0.1% Аллаһ үшін емес, басқа біреу үшін істесе, Аллаһ ол істі қабыл етпейді. Тіпті 99.9% Аллаһқа, 0.1% Аллаһқа емес болса да, бәрі-бір оны қабыл етпейді. Сондықтан ықыласты болу қажет, ал сен қашан ықыласты боласың? Жаның Аллаһта болған кезде яғни сен Аллаһқа жаныңды Жәннатпен айырбастап алған кезде ғана ықыласты бола аласың. Сол себепті біз әрдайым жанымызды тазалап отыруға тиіспіз, басымызда «мен Жәннат үшін жанымды Аллаһқа сатамын» деген ой болу керек.
Назар сал, бауырым, егер жаның Аллаһ Тағалада болса, Ол оның Иесі, Ол не қаласа, соны істеуге хақысы бар. Аллаһ оған: «Былай істе» десе, ол солай істейді, Аллаһ оған: «Былай істеме» десе, олай істемейді. Себебі, ол менің жаным емес, яки мен енді оған бұйрық бере алмаймын, жанымды нәпсі-қалауына (һәуә) ертіп қоя алмаймын, ол енді менікі емес, оны сатып жібергенмін. Міне, егер осылай болатын болса, саған Жәннат болады, ал егер олай болмаса, онда Аллаһтан жандарымызды тазартуын сұраймын!
Аллаһу а’ләм!
Сілтеме: http://milfaat.com/showfile-549/%D0%B0% ... allahy.mp3