Цитаты о Таухиде (на казахском)

Ответить
Abu Muahid
Сообщения: 2
Зарегистрирован: 25 авг 2012, 19:42

Цитаты о Таухиде (на казахском)

Сообщение Abu Muahid »

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!


Ғалымдардың таухид туралы айтқан сөздерінен үзінді



1. "Расында, құлшылықта Аллаһқа өзге біреуді серік қосқанға, Ол разы болмайды. Ол (серік) жақындатылған періште болсын, (елдерге) жіберілген пайғамбар болсын – (бәрібір). Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері: «Расында, мешіттер (мәсәжид) Аллаһтікі. Сондықтан, Аллаһпен бірге ешкімге құлшылық та қылмаңдар, дұға да етпеңдер» (Жын сүресі, 18-аят)".
Шейхул-Ислам Мухаммад ибн Суләйман әт-Тамими

2. "Аллаһ Тағала адам баласына Аллаһпен қатар басқа біреуге немесе басқа бір нәрсеге дұға етуді тыйым салды. Аллаһ Тағала Өзі разы болмайтын нәрселерін ғана тыйым салады ғой, субханаһу уә та’ала. Аллаһ Тағала былай деген: «Егер қарсы келсеңдер, Аллаһ сендерге мұқтаж емес. Ол құлдарының қарсылығын ұнатпайды. Егер шүкірлік етсеңдер, сендерге разы болады» (әз-Зумар сүресі, 7-аят). Сондай-ақ Аллаһ Тағала былай деген: «Сендер оларға разы болсаңдар да, Аллаһ бәрі-бір бұзық елге разы болмайды» (әт-Тәуба сүресі, 96-аят)".
Шейх Мухаммад ибн Солих әл-`Усәймин

3. "Аллаһ бұйырған ең ұлы нәрсесі – бұл таухид, яғни Аллаһты құлшылықта жалғыздау. Аллаһтың тыйым салған ең ұлы нәрсесі – ширк, яғни Аллаһтан басқа біреуге құлшылық жасау, дұға ету. Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, әрі Оған ешкімді серік қоспаңдар» (Ниса сүресі, 36-аят)".
Шейхул-Ислам Мухаммад ибн Суләйман әт-Тамими

4. "Аллаһтың ең үлкен бұйрығы – таухид. Өйткені Аллаһтың хақысы – ең ұлы (алдыңғықатарлы) болып табылады. Егер адам осы мәселеге қатысыты немқұрайлық танытса, ол ең ұлы мәселеге қатсыты немқұрайлық танытқан болады, ал бұл – Ұлы да Құдіретті Аллахтың таухиді (құлшылықтағы жалғыздығы). Аллаһ Тағала былай деген: «Шын мәнінде, ширк – ең ұлы зұлымдық!» (Луқман сүресі, 13-аят).
Сондай-ақ, Аллаһ Тағала былай деді:
«Ал кім Аллаһқа серік қосатын болса, өте алыс адасумен адасады» (Ниса сүресі, 116-аят).
Тағы да Аллаһ:
«Ал кім Аллаһқа серік қосса, ұлы күнә жасаған болады», - деді (Ниса сүресі, 48-аят).
Сондай-ақ, Аллаһ Тағала былай деді:
«Расында, кім Аллаһқа серік қосса, оған Аллаһ Жәннатты харам етеді, әрі оның орны Тозақта болады. Залымдар үшін еш көмекші болмайды» (Мәида сүресі, 72-аят).
Және Аллаһ былай айтты:
«Расында, Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді де, одан кішісін қалағанына кешіреді» (Ниса сүресі, 48-аят).
Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Ең ауыр күнә қандай?” - деп сұрақ қойылғанда, ол былай жауап берді: «Сені Аллаһ жаратқанына қарамастан сен Оған серік қосқаның» (Бухари 6861, Муслим 86).
Сонымен бірге, имам Муслим Джәбир ибн ‘Абдуллаһтан (оған Аллаһ разы болсын) мынадай хадис келтіреді: Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім Аллаһпен Оған серік қоспаған күйде жолықса – Жәннатқа кіреді, ал кім Аллаһпен Оған серік қосқан күйде жолықса – Тозаққа түседі» (Муслим 93).
Сонымен қатар, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Аллаһқа серік қосқан күйде қайтыс болса, Тозаққа түседі» - деген (Бухари 4497)"
.
Шейх Мухаммад ибн Солих әл-`Усәймин

5. "Кімде-кім Аллаһқа ғибадат етпесе, сол тәкәппар кәпір. Кімде-кім Аллаһқа ғибадат етіп және тағы басқа біреуге ғибадат етсе, сол кәпір мушрик (көпқұдайшыл). Ал кім тек жалғыз Аллаһқа ғана ғибадат етсе, сол ықыласты мұсылман болып табылады".
Шейх Мухаммад ибн Солих әл-`Усәймин

6. "Білгін, құлшылық таухидсіз құлшылық деп аталмайды. Егер сен, ширк ғибадатқа араласса оны бұзатынын, амалдарды жойып жіберетінін және пендені Отта мәңгі қалуға душар ететінін білсең, оны (таухидті) үйрену – сенің ең маңызды міндетің екені енді саған айқын болды. Мүмкін Аллаһ сені ширк деп аталатын оқпаннан құтқаратын шығар. Аллаһ Тағала бұған қатысты былай деп айтты: «Расында, Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді де, одан кішісін қалағанына кешіреді» (Ниса сүресі, 48-ші және 116-шы аяттарында)".
Шейхул-Ислам Мухаммад ибн Суләйман әт-Тамими

7. "Егер адам Аллаһқа серік қоса, оған кешірім мен мейірім есіктері жабылады, себебі таухидті ұстанбаған адамға ізгі істердің бірі де пайда әкелмейді және ешбір қиыншылық оның күнәсінің кешірілуіне себеп болмайды. Ал Қиямет Күні ондай кісінің шапағат ететіні де, ешбір жақын досы да болмайды. Дәл осы себепті Аллаһ Өзіне серік қосатын әрбір адамды ұлы күнә жасап, өте ауыр қылмыс жасады деп айтты".
Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са‘ди

8. "Ешкімге көмек көрсете алмайтын, топырақтан жаралған,қай жағынан алып қарасаң да кемшіліктерге толы, өзіне де, өзіне ғибадат етіп жатқандарға да пайда мен зиян тигізе алмайтын, өмір мен өлім және қайта тірілту құдіретіне ие емес жаратылысты, барлық жағынан кемелдікке Ие болған, Өзінің жаратқандарына мұқтаж емес, пайда мен зиян әкелетін, қалағанына ризық беріп, қаламағанына ризықтандырмай қоятын, Жалғыз, мақұлықтарға нығмет беретін Жаратушымен теңестіруден асқан қандай әділетсіздік болуы мүмкін?! Бұдан асқан жан түршігерлік әділетсіздік болар ма?"
Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са‘ди

9. "Егер кісі Аллаһпен қатар Иса пайғамбарға немесе басқа жаратылыстарға ғибадат етер болса, Аллаһ оны міндетті түрде Жәннат бақтарынан айырып, орнын Тозақ оты етіп қояды. Ол жаратылысты Жаратушымен теңестіріп, ғибадат рәсімдерін басқаға арнады, алайда ол сол ғибадатты Аллаһқа ғана арнауға жаратылған еді ғой, ол соны тіптен лайықсыз біреуге арнап жатыр. Сондықтан ондай кісі Тозақ отында мәңгі азапқа салынуға лайықты. Мұндай қылмыскерлерді Аллаһтың азабынан ешкім құтқара алмайды, тіпті оның басына түскен нәубетті ешкім азғантай болса да кеміте алмайды".
Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са‘ди

10. "Аллаһ Тағала Өзіне ешкімді теңеп, серік қосуды тыйым салып және Жалғыз Өзіне ғана ғибадат етуді бұйырғаннан соң, Ол бұны діни үкім ретінде хабарлады. Осы үкім бойынша аспанда да, жер бетінде де тірі болсын, өлі болсын – ешкім ғибадат пен тәңірлік сипатқа лайық емес. Бұған лайықты Өз жаратылыстарына мұқтаж емес Жалғыз Құдай – тек Аллаһ қана. Ол ең кемел сипаттарға Ие, ол сипаттар мінсіз және жаратылыстың сипаттарына ұқсамайды. Ол Өз құлдарын көз көретін әрі көрмейтін ризықтармен ризықтандырады. Ол жаратады, ризық береді және қалаған ісін жасайды. Ол жалғыз Өзі ғана бүкіл әлемдегі болып жатқан құбылыстарды басқарады және Онымен осы билікті ешкім бөліспейді".
Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са‘ди

11. "Шын мәнінде таухид, хақылардың ішіндегі ең ұлығы және міндеттердің ішінде ең ұлығы. Себебі Аллаһ Өзінің мына бір сөзін содан бастады: «Оған еш нәрсені серік қоспаңдар, әрі ата-аналарыңа игілік жасаңдар» (Ән`ам сүресі, 151-аят). Бұл аятта Аллаһ Тағала ең маңызды нәрседен бастап, содан кейін маңызды мәселені айтты".
Шейх Салих ибн Фаузан

12. "Таухид бүкіл құлдар үшін ең ұлық міндет болып табылады. Раббымыз таухидтің мақтаулы іздері мен керемет нәтижелері үшін ол туралы өте жиі айтады. Таухидтің керемет іздерінен асқан, таухидтен шығатын әртүрлі артықшылықтан асқан еш нәрсе жоқ. Расында, осы дүние мен о дүниенің ең жақсы ізі – бұл таухид және оның артықшылығы".
Шейх Мухаммад Са’ид Раслан

13. "Шынында, біз тамақ пен сусынды ішіп-жеуден гөрі таухидті (оқып-үйренуге) қаттырақ мұқтажбыз".
Шейх Хайсам Сархан

Және соңында әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ айтамыз!


Сілтеме: http://asar-forum.com/viewtopic.php?f=46&t=9901
Ответить